Әлемге әйгілі мұражай тышқандардың қаптап кетуіне байланысты жабылды

387

Үндістанның Джайпур қаласындағы Альберт-холл музейі екі күнге жабылуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Mirror басылымына сілтеме жасап.

Әлемге әйгілі мұражай тышқандардың қаптап кетуіне байланысты жабылды Фото: PAC Group

Музей маңында құнды артефактілерге қауіп төндіретін егеуқұйрықтар қаптаған.

Егеуқұйрықтар музей жанындағы тарихи бақтан табылған. Жұмысшыларға аймақтағы ең ірі туристік орындардың бірінен кеміргіштерді жою үшін 72 сағат уақыт берілген.

Зиянкестермен күресумен айналысатын 30 жұмысшыдан тұратын топ қазір кеміргіштердің ұяларына және бүкіл аумаққа пестицидтерге арналған жемдерді орналастыру арқылы мәселені шешуге тырысып жатыр.

Джайпурды дамыту басқармасының (JAI) хатшысы Нишант Джайннің айтуынша, мұражай орналасқан аймақтағы егеуқұйрықтардың көбеюі инфекциялардың немесе тіпті эпидемияның ықтимал таралуы туралы алаңдаушылық туғызады.

Жергілікті шенеуніктер егеуқұйрықтар ғимаратқа кіріп, құнды жәдігерлерді зақымдауы мүмкін деп алаңдайды.

Альберт-холл музейі 1887 жылы ашылды және тарихшылар "Еуропаның әжесі" және "барлық монархтардың анасы" деп атаған Виктория патшайымның ұлы ханзада Альберт Эдуардтың есімімен аталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу