Атақты телесериалдың түсірілім жұмыстары басталды

Бұл телехикая – бестселлер кітаптардың нақты бейімделген нұсқасы.

Атақты телесериалдың түсірілім жұмыстары басталды Фото: фильм «Гарри Поттер»

Америкалық HBO телекомпаниясы "Гарри Поттер" телесериалының ресми түсірілім жұмыстарынан алғашқы кадрды жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Kino-teatr.ru онда сиқыршы бейнесінде басты рөлді Доминик Маклафлин сомдайтынын жазған. 
Ал Гермиона Грейнджердің рөлін Арабелла Стэнтон алып шығады, Рон Уизли ретінде Аластер Стаут таңдалып отыр. 

Сериалдың нақты 2027 жылы жарыққа шығатыны анықталды.

Сондай-ақ, актерлік құрамның жаңа мүшелері де жарияланды:

  • Невилл Долгопупс – Рори Уилмот;
  • Дадли Дурсль – Амос Китсон;
  • мырза Олливандер – Антон Лессер;
  • Роланда Трюк – Луиза Брили.

Сиқырлы әлемнің авторы – Джоан Роулинг. Ол – жобаның атқарушы продюсері. Сериалдың сценарисі әрі атқарушы продюсері Франческа Гардинер болып отыр. Ал Марк Майлод бірнеше эпизодтың режиссері және продюсері ретінде қызметін атқарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу