Кот-д'Ивуар құрамасының бұрынғы ойыншысы Мусса Коне Премьер-лигаға оралған "Қызыл-Жар" командасына ауысты. Бұл туралы петропавлдық команда ресми хабарлады, деп жазады prosports.kz.
30 жастағы футболшы жаңа командасының сапында жолдастық матчта алаңға шығып үлгерген. Отандық БАҚ-тың мәлімдеуінше, ивуарлық ойыншының айлығы 8 мың долларды құрайды.
Мусса Коне мансабында Италияның "Аталанта", "Пескара", "Варез", "Чезна" және тағы бірқатар командаларында доп тепкен. Оған қоса Кот-д'Ивуар құрамасының сапында бір матч өткізіп үлгерген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу