"Атам ажырасыңдар деп, енем айлығымды сұрады": Нұрсұлтанның бұрынғы әйелі шындығын жайып салды

2120

Айтуынша алғашқы вайндары шынайы түсірілген. 

"Атам ажырасыңдар деп, енем айлығымды сұрады": Нұрсұлтанның бұрынғы әйелі шындығын жайып салды Фото: www.instagram.com/zhaksygen_n

Оқырманның сынына ұшыраған блогердің әйелі ажырасу себебін түсіндірді.

“Үйленгеннен кейін төрт жыл пәтер жалдап тұрдық. Ол кездегі көріп жүрген вайндарыңыз ешқандай өтірік емес, барлығы шынайы махаббатпен түсірілген. Өйткені біз ол кезде ұрыспақ түгілі бір-бірімізге даусымызды көтермейтін адам едік. Одан кейін үй салып ауылдан ата-анамызды алып бірге тұрдық. Сол кезден басталды бәрі… 1 жасқа толмаған баламен ол кезде үйде болдым, сосын енем жаймен жұмысқа шық дегенді бастады. Оған мен қуанып түсінігі мол екен деп жұмысқа шықтым, одан кейін айлығыңды маған толық әкеліп өткізіп қоятын бол деген әнгімені естідім. Аузым ашылған күйінде қалдым. Осы уақытқа дейін Нұрсұлтанға ата-енеммен болған конфликтінің біреуін айтпағанмын. Ол енді естіп өзі де шок болып жүр, бірақ соның бәрін біле тұра өзін ақтап алу үшін құрбан болып, масқара жазыпты. Одан кейін “айлығымды бермеймін, өзіме балаларыма жұмсаймын” дедім, өйткені ақшаға мұқтаж кісілер емес. Нұрсұлтан барынша 200 мыңдап 500 мыңдап мамаға да папаға да салып отыратын", – дейді әйелі Фариза.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу