Атамбаев 11 жылға сотталды

382

Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленеді.

Атамбаев 11 жылға сотталды Фото: ria.ru

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылады және Әзиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін барлық мүлкі мен мемлекеттік марапаттары тәркіленбек. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Бұған дейін Атамбаевқа ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің "Альфа" деп аталатын арнайы бөлімінің қызметкерін өлтірді деген айып тағылған еді.

Еске сала кетсек, бұл оқиға 2019 жылдың 7 тамызында Қой-Таш ауылында бұрынғы президенті қолға түсіру операциясы кезінде болған. Құқық қорғаушылар Атамбаевтың үйін тінту барысында дәрімен атылатын қару тапқан еді.
Сонымен қатар оған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды, адам өміріне қастандық жасамақшы болды, жемқорлықпен айналысты, заңсыз жолмен ақша тапты деген айыптар тағылды. Ресми дерек бойынша, Атамбаев пен оның жанұясының барлық шоты бұғатталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу