Атамбаев Қырғызстанның келесі президенті кім болатынынан бейхабар екенін мәлімдеді

1313

Атамбаев Қырғызстанның келесі президенті кім болатынынан бейхабар екенін мәлімдеді

Брюсселде Еурокеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездескен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев  елдің келесі басшысы алдағы қарашада өтетін президент сайлауында белгілі болатынын, бірақ оның кім екенін білмейтінін  мәлім етті.
"Қырғызстанның жаңа президенті әрі сіздің ізбасарыңыздың кім болатынын білетін шығарсыз деп сенемін", – деп мәлім етті Еурокеңестің төрағасы
Өз кезегінде Алмазбек Атамбаев: "елдің келесі президенті кім болатынынан бейхабармын" және "Қырғызстанда президент сайлауы  заң бойынша қарашаның үшінші жексенбісінде өтеді" деді.
"Бізде шынымен де әділ сайлау болады", –  деп атап өтті Қырғызстан президенті.
Дональд Тускпен кездесу Қырғызстан президентінің Брюссельге  жұмыс сапары шеңберінде өтті.
Алмазбек Атамбаев  өзіне ізбасар дайындауға ниетті емес екенін бұған дейін де бірнеше мәрте айтқан болатын.  Ал осының алдында ғана Қырғызстанда президент сайлауы үстіміздегі жылдың  19 қарашасында өтетіні жария болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу