Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген шаралары нәтижесінде Алмазбек Атамбаев ұсталды. Бұл туалы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"2019 жылдың 8 тамызында милиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының МҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп еріксіз келтіру бойынша жүргізген іс-шаралары нәтижесінде А.Ш.Атамбаев ұсталды", - делінген Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
ІІМ-де атап өткендей, тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Ұстау кезінде арнайы операция орнында Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев пен оның орынбасары милиция полковнигі Алмаз Орозалиев жетекшілік еткен.
ІІМ-де хабарлағандай, Атамбаев Қырғыз Республикасы заңнамасына сәйкес әрі қарай тергеу шараларын жүргізу үшін сәйкес органдарға жеткізілді.