Акселараторға қосылған кәсіпорын өз қызметінде гендерлік теңдікті жақсарту бойынша бірқатар шешімдер қабылдауға міндеттеледі. Жынысына бөлмей, жұмысшыларға тең жалақы беру, әйелдердің басшылық лауазымдарға орналасуына шектеу қоймау секілді талаптарды орындауы тиіс. “Атамекен бизнес” отандық БАҚ өкілдерінің ішінде ең алғашқы болып "Closing the Gender Gap" мүшесі атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ол акселератордың негізгі қағидаттарына сәйкес келеді. Бүгінде телеарнада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жартысына жуығы - әйел адамдар және олардың гендердік теңсіздікке ұшырамауы үшін барлық жағдай жасалған.
"Біз мұнда әлемді бұрынғыдан жақсырақ ету үшін жиналдық. Және әйелдер шешуші рөл атқаратын әлем ғана жақсы болатынын білеміз. Бұған біздің медиахолдингіміз дәлел бола алады. Сондықтан халықаралық экономикалық форумына, акселераторға және әйелдео ісі бойынша ұлттық комиссияға алғысымызды білдіреміз. Медиахолдингіміздің осындай тамаша бастамашылдыққа мүше бола алатындығы біз үшін ашылған үлкен мүмкіндік", - деді "Атамекен бизнес" Медиа холдингі" ЖШС Бас директорының орынбасары Әлия Баймұхамедова.