8 ұжым 2 жарым ай бойы кубок иегері атану үшін барын салған. Солардың ішінен үздік шыққан " Atameken Business" пен "Қазмедиа" финалда кездесті. 2 сетте қарсыласынан басым түскен "Атамекен" қыз-жігіттері осылайша 2 дүркін чемпион атанды. Жекелеген номинациялар бойынша да біздің команда ойыншылары үздіктер қатарында. Ермахан Қаракенов "Үздік шабуылдаушы" атанса, Әнуар Карбозов "Үздік тосқауыл қоюшы" атағын иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу