"ATAMEKEN BUSINESS" арнасы міндетті теле-радио арналар тізіміне енді

640

Елімізде міндетті телеарналар тізімі кеңейтіледі. 

"ATAMEKEN BUSINESS" арнасы міндетті теле-радио арналар тізіміне енді Фото: Inbusiness.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі міндетті теле-радио арналар тізіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады.

Осылайша, міндетті телеарналар тізіміне мыналарды қосу ұсынылады:

  • "ATAMEKEN BUSINESS"
  • "НТК"

Қазіргі уақытта бұл тізімге 15 арна кіреді:

  • "QAZAQSTAN"
  • "Хабар"
  • "Хабар 24"
  • "БАЛАПАН"
  • "ABAI TV"
  • "QAZSPORT"
  • "Kazakh TV"
  • "МИР"
  • "Астана"
  • "Almaty"
  • "Еуразия бірінші арнасы"
  • "КТК"
  • "31 арна"
  • "Жетінші арна"
  • "El arna"

Осыған дейін министрлік екі бос орынға міндетті теле-радио арналар тізімін жасау бойынша конкурс өткізген болатын.

Конкурсқа қатысуға телерадиокомпаниялардың өтінімдерін қарауды және міндетті телерадиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді телерадио хабарларын таратуды дамыту жөніндегі комиссия жүзеге асырды.

"Осылайша, 2024 жылғы 30 қаңтарда өткен байқаудың қорытындысын шығаруға арналған телерадио хабарларын таратуды дамыту жөніндегі комиссия отырысының аясында ATAMEKEN BUSINESS және НТК телеарналары 16 және 17-орындарға жеңімпаз болып анықталды, тиісінше", - делінген түсіндірме хатта.

Осыған орай, телерадио хабарларын таратуды дамыту жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде уәкілетті орган міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекітеді.

Құжат 29 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу