ATAMEKEN BUSINESS арнасының қызметкерлері онлайн-форматында гимн орындады

895

Тележүргізушілер мен журналистерді медиахолдингтің Бас директоры Қанат Сахария  домбырамен сүйемелдеді. 

ATAMEKEN BUSINESS арнасының қызметкерлері онлайн-форматында гимн орындады

Осылайша телеарна қазақстандықтарды келісім мен достық мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

"Қазір карантин жағдайында оқшауланып, бір-бірімізді сағынып отырған ерекше уақыт. 1 мамыр – біздің көп ұлтты халқымыздың мерекесі. Ол бірліктің нышаны іспетті. Әсіресе қазір бізге бірге болу керек. Ал ролик түсіру идеясы әріптестеріме тиесілі. Мен оларды қолдадым. Медиаменеджер ретінде міндетім адамдардың ашылуына және жаңа нәрселер ойлап табуға мүмкіндік беру", – дейді Қанат Сахария.

Сонымен қатар медиахолдингтің Бас директоры әнұранды домбыра арқылы ойнауды Youtube арқылы үйренгенін айтты.

"Менің ойымша, жақсы шыққан сияқты. Әріптестерім шын жүректен орындады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу