Atameken Business арнасының тілшісі Алмас Мұсабек еуропалық одақ ұйымдастырған, Орта азия журналистері арасындағы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды.
Конкурс онлайн форматта өтіп, оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның тілшілері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – экологиялық мәселелер және климаттың өзгеруі туралы тұрғындар арасында ақпарат тарату. Қазылардың шешімі бойынша, әріптесіміз Алмас Мұсабектің жұмысы үздік деп танылып, жоғары орыннан көрінді.
Бұдан бөлек, еліміздегі "Казахстанская правда" газетінің тілшісі Жанат Түкпиев және қырғыз радиосының тілшісі Ермек Актановтар жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздарға жыл соңына қарай Чехия мемлекетіне сапарлауға мүмкіндік беретін жолдама табысталды