"Atameken Business" командасы чемпиондық атағын қорғап қалды

476

"Atameken Business" командасының спортшылары Ермахан Қаракенов мен Анаур Карбозов үздіктер қатарынан көрінді. 

"Atameken Business" командасы чемпиондық атағын қорғап қалды

Елордамызда БАҚ өкілдері арасында волейболдан төртінші маусым ойындары аяқталды. Биылғы жарысқа 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. 2,5 айға созылған бәсекеде "Atameken Business" командасы бас жүлдені иеленіп, журналистер лигасының 2-дүркін жеңімпазы атанды. 

БАҚ өкілдері кезекті рет Астанада бас қосты. Күнделікті жұмыспен шапқылап жүретін журналистер қауымы БАҚ Лига жарыстарын аясыға күтеді. Өйткені жұмыс бабымен спорт алаңына жиі баруға мүмкіндік жоқ. Сол себепті БАҚ өкілдері арасында өтетін жарысқа ақпарат саласының қызметкерлері бірі қалмай келеді. Ондағы мақсат, спорт сайысы арқылы танысу, білісу, жаңа достар табу.

"БАҚ лига дегеніміз чемпион тәрбиелейтін жер емес. Спортшы шығаратын жер емес. Бұл БАҚ өкілдерінің басын қосатын журналистердің басын біріктіретін тимбилдинг алаңы, достық алаңы. Және биылғы маусым достық алаңы екенін көрсетті", - деді жарыс ұйымдастырушысы Азиз Жұмаділ.

Ала допты алақандарында ойнатқан волейболшылар жарысына келсек. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, ақтық сынға шыққан  "Atameken Business" командасы "Қазмедиа" ұжымымен бас жүлдені сарапқа салды. Кездесу басынан ұпай санын арттырып, қорғанысын берік ұстаған "Atameken" арнасының волейболшылары екі сетте (25:17, 25:21) есебімен жеңіске жетіп, "BAQ LIGA" турнирінің 2-дүркін жеңімпазы атанды. 

"Биылғы командалар мықты болды. Тартысқа толы бәсекелер болды топтық кезеңнен бастап. Плей-офф кезеңінде "Хабар", "Еуразия" командаларының алдын орап кеттік. Ақтық сында "Қазмедиа" командасымен сынға түсіп, тартысқа толы бәсекеде екі партияда жеңіп, БАҚ лига турнирінің 2-дүркін чемпионы атандық, - дейді "Atameken Business" командасының капитаны Самат Қанағатов.

"Финалда бітіспес қарсыласымыз ол "Атамекен". Олар мықты команда. Өйткені олардың тәжірбиелері көп. Финалда 2-дүркін чемпион болып жатыр. Жетіспеген қажеттіліктеріміз лидер жоқ. Бүгін бір-біріне сеніп қалды. Жасқаншақтап ойнап қалды", - деді "Қазмедиа" командасының капитаны Саят Сабырбаев.

Қола жүлде үшін болған ойында "7 Арна" ұжымы "Хабар" командасының алдын орап кетті. Сондай-ақ, жеке номинацияларда жүзден жүйрік шыққан спортшылар белгілі болды. "Atameken Business" командасының спортшылары Ермахан Қаракенов мен Анаур Карбозов үздіктер қатарынан көрінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу