ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы сот процесінде жеңіске жетті

1538

ATAMEKEN BUSINESS арнасындағы "Наше дело" бағдарламасын сотқа берген "Тобыл" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының шағымын судья негізссіз деп тапты. 

ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы сот процесінде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан қаласының ауаданаралық экономикалық сотының өкілі Мақсат Сембин корпорация заңгерлерінің таққан айыбынан айқын дәлеледер көре алмай, олардың шағымын қанағаттандырмады.

"Тобыл" әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорациясы бұған дейін елдегі басты бизнес телеарнаны сотқа берген еді. 

"Наше дело" бағдарламасы –  корпорацияның имиджін  құртып, іскерлік абыройына нұқсан келтіргені үшін, корпорациядан ресми түрде кешірім сұрап, айтылған ақпаратты жоққа шығару  керек",– деп көрсеткен өздерінің шағымында.

Алайда мекеме заңгерлері сот алдында өздерінің талаптары орынадалуы керектігін негіздеп бере алмады.

Естеріңізде болса, аталған бағдарламада  Арқалық қаласындағы былғары зауытындағы былық бүкпесіз баяндалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу