Atameken Business тілшісі "Үздік тележурналист" атанды

1207

Биыл телеарна "Тұмарға" төрт номинация бойынша қатысты.

Atameken Business тілшісі "Үздік тележурналист" атанды

Atameken Business телеарнасының қызметкері Руслан Ыдырысов "Үздік тележурналист" номинациясы бойынша "Тұмар-2021" ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іс-шара барлық санитарлық қауіпсіздік талаптарына ескере отырып, жабық форматта өтті. Рәсімді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ашты. Іс-шараға Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли қатысты.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің онлайн трансляциясы Award tvtumar.kz ресми сайтында көрсетіледі.

"Тұмар" – бұл телевизиялық шеберлік саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін ұлттық телевизиялық жүлде, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу