Арнамыздың ойыншылары жеңісті жақында дүние салған әріптесіміз Изатима Сәмтікбаеваға арнады.
Бұл журналистер арасында ұйымдастырылған шараның үшінші маусымы. Байрақты бәсекеде команда мүшелері өздерінің біліктіліктерін көрсетіп, қарсылас команданы шаң қаптырды.
Волейбол жарысы 4-кезеңге созылды. Тартысты ойынды көруге келген көрермендердің қарасы да көп болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу