Atameken Business журналистері ұлттық байқаудың жүлдегері атанды

830

Ұлттық инновациялар байқауының жеңімпаздары Сингапурға жолдама алды.

Atameken Business журналистері ұлттық байқаудың жүлдегері атанды

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік жылдағы дәстүр бойынша биыл да Ұлттық инновациялар байқауын ұйымдастырған болатын. Qazaqstan Technology Forum аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Бас жүлде иеленген оқушылар мен студенттер, стартапшылар Сингапурға технологиялық кәсіпкерлік бойынша бір апталық оқуға жолдама алды.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің басқарма төрағасы Марат Омаровтың сөзінше, ұлттық байқау халық арасында инновациялық белсенділікті арттыруға және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Биыл байқауға Қазақстанның әр өңірінен мыңнан астам адам қатысқан.  

Сонымен байқау қорытындысы бойынша Астана қаласы "Қазақстанның инновациялық белсенді аймағы" деп танылды.

Орта мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында "Три медиум" тобы топ жарды. "Студенттер арасында "Төле", "Топ", "Тұран" командалары жүлдеге ие болды. Стартаптар арасында "Зрение", "Астана биомедгрупп", "Алатау робот технологиясы" топтары үздік атанды.

Сондай-ақ инновациялық тақырыпта қалам сілтейтін үздік журналистер де марапатталды. Бұл сында Atameken Business компаниясының үш бірдей журналисі жүлдегер атанды. Атап айтқанда, қазақ тілді журналистер арасында Atameken Business порталының тілшісі Қанат Махамбет үшінші орынды, ал Atameken Business телеарнасының жүргізушісі Ерболат Мұхаметжан бірінші орынды олжалады. Atameken Business телеарнасының тағы бір өкілі Константин Харламов орыс тілді журналистер арасында екінші орынды иеленді.

Кіл мықты қатысқан байқауда маңдайы жарқырап келген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу