"Атамекен" ҚР КҰП мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Құжатқа "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов пен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ құқықтық қамтамасыз ету бойынша вице-президент Ардақ Мұқұшов қол қойды
"Бүгінгі кездесудің барлық қатысушыларын "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы атынан құттықтаймын. Палатаның негізгі мақсаттарының бірі кәсіпкерлік және институциалық климатты жақсарту болып табылады. Биылғы жылдың күзінде "Атамекеннің" жұмыс жасағанына 4 жыл болып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізген болатын. Кәсіпкерлік қауымдастықты қолдау мен қорғау саласында бірқатар жұмыстар жүргізілді және мұндай бастамалар тек бизнес тарапынан ғана емес, мемлекет тарапынан да қолдау табуда. Рұқсат хат, хабарлама, лицензия сынды құжаттарды тапсыру көлемін 72 пайызға азайтылды",– деді "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары.
Меморандум негізінде екі жақ тарапынан тиімді жұмыс жасалып, даулы сұрақтарды балама тәсілмен шешу мәселесін қолға алу жоспарға енгізілді.