"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі тұтынушыларды патриот болуға шақырады

907

"Атамекен" ҰКП-де "Отандық азық-түлік өнімдерін тұтыну және сату – келешегі мен кедергілер" атты дөңгелек үстел өтті.  

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі тұтынушыларды патриот болуға шақырады

"Тұтынушыларды дүкенде отандық өнім сатып алуға, патриот болуға шақырамыз. Бұл арқылы осы салада істейтін туыстарыңыздың еңбекақысы көбейеді", – деді кәсіпкерлер палатасының өкілі, агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында. 

Оның айтуына қарағанда, отандық тамақ өндірушілер өнімді сату кезінде қиындыққа тап болады. Шетелдіктер "біздің нарықты жаулап алу үшін әдейі тауар бағасын төмендетіп әкеледі". Отандық өндірушілер де арзан бағаға сатуға әзір, алайда тауардың бір бөлігін үкімет субсидиялап беру керек екен. 

Ал журналистер кейбір адамның табысы аз, отандық өнім қымбат болуы мүмкін екенін алға тартты. Президенттің "кейбір адамның табысы 50 мың теңге" деп айтқанын да еске салды. 

Бұл жерде жиын модераторы болған адам сөзге араласып, "тең жағдайда отандық өнімді таңдаңыздар", дегенді үстеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу