"Атамекен" ҚР ҰКП съезі 23 қыркүйекте онлайн форматта өтеді

708

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы Съезд шақыруға шешім қабылдағанын хабарлады.

 "Атамекен" ҚР ҰКП съезі 23 қыркүйекте онлайн форматта өтеді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі 2021 жылы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де бейне-конференц байланыс (zoom) пен онлайн дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, онлайн форматта өтеді.

Съезге қатысуға арналған сілтемелер толық нұсқаулықпен қоса, қатысушылардың электрон пошталарына алдын ала жолданады.

Қатысушыларды бейне-конференц байланысқа жəне онлайн дауыс беру жүйесінде тіркеу (авторизациялау) 2021 жылғы 23 қыркүйекте сағат 13.00-де басталып, 2021 жылғы  23 қыркүйекте сағат 15.00-де аяқталады.

Күн тəртібінде:

1. ҰКП-ның кейбір ішкі құжатына өзгерістер енгізу және оларды бекіту;

2. ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі;

3. ҰКП Ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту;

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҰКП қызметінің қорытындысы бойынша жыл сайынғы есепті бекіту;

5. Міндетті мүшелік жарналарды төлеудің кейбір мәселесі;

6. Өзге де мəселелер талқыланады.

Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдар Съезд қатысушыларының атына электрон байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 91-93-00, 1432

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу