"Атамекен" мемлекеттік органмен бірлесіп, кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізеді

463

ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҰЭМ Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп, "Атамекен" ҚР ҰКП әкімшілік кедергілерге қатысты проблемалық мәселелерді және оларды шешу бойынша ұсыныстарды жинай бастайды, деп хабарлады кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

"Атамекен" мемлекеттік органмен бірлесіп, кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізеді

Сауалнама деректері мемлекеттік реттеудің (талаптар, есептілік, рұқсаттар, мемлекеттік бақылау) бүкіл ауқымын түбегейлі қайта қарастыруға және Президент Қазақстан халқына жолдауында атап өткен реттеуді "таза парақтан" енгізуге негіз болады.

Жоспарланған реформаның негізгі бағдары:

Тексеруге жарияланған мораторий мерзімі ішінде (яғни 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін) бизнес-реттеу реформасын жүргізу;
Реттеу саясатының базалық принциптерін қайта қарауды және ауқымды, тіпті, жазалауды көздейтін реттеуден кетіп, заманауи "саналы" реттеуге өтуді көздейтін реттеу жүйесін сапалы қайта жүктеудің қажеттілігі;
Жемқорлық дендеген салалардан (сәулет-құрылыс қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ветеринария, сертификаттау және т.б.) бастап, "таза парақтан" жаңа реттеуді енгізу негізінде жұмыс жүргізу.

Онлайн-сауалнама Электронды Үкімет порталында жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу