"Атамекен" ҰКП: 15 мың ШОБ субъектісіне 16 мыңнан аса қызмет көрсетілді

1039 кәсіпкер әйел іскерлік оқудан өтті. 

"Атамекен" ҰКП: 15 мың ШОБ субъектісіне 16 мыңнан аса қызмет көрсетілді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің директоры – басқарушы директор Айдана Тоғызбаева айтты.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 1 тамызынан бастап "Мен кәсіпкер" құралы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда: "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары" және "Кәсіпке Бағыт" – кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында біліктілікті арттыру және бейіндік оқыту.

"Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары" бағытына кеңес беру, кәсіптік және іскерлік оқытуды қамтитын бірнеше қызмет түрі кіреді. 2023 жылдың 1 тамызына осы сала бойынша 5107 қызмет алушыға 5528 консультация және басқа да қызметтер көрсетілді. Оның ішінде 1039 адам  кәсіптік және іскерлік оқуды, сондай-ақ дәстүрлі қолөнер бойынша оқуды аяқтады. Бұл ретте оқыту кестесі әйелдердің отбасылық міндеттерін ескере отырып қалыптастырылады", – деді спикер. 

Жалпы 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 15 249 ШОБ субъектісіне 16 924 қызмет көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу