Атамекен ҰКП: Бизнесті "таза парақтан" реттеу заң жобасы кәсіпкерлік саласын қалай өзгертеді?

794

Елімізде бизнесті "таза парақтан" реттеу заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады, деп хабарлайды Atameken Business.      

Атамекен ҰКП: Бизнесті "таза парақтан" реттеу заң жобасы кәсіпкерлік саласын қалай өзгертеді?

Бұл тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа жолдауы барысында берген еді. Заңды қабылдау мемлекеттік реттеу үшін қағидаттар мен шеңберлерді белгілеуге мүмкіндік береді. Реформаны іске асыру кейінгі 3 жылға белгіленген. Осы уақыт аралығында бизнеске қойылатын талаптар өзгеріп, белгілі бір қағидат түзілмек. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық экономика министрлігі, бизнес қызметінің жаңа реттеушілік саясаты бойынша да заң жобасын әзірледі. Жаңа тәсіл тек рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді және нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындалатын жоспардан тыс тексерулерді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу