"АТАМЕКЕН" ҰКП: Кәсіпкер өз қызметкерлерін вакцина салдыруға мәжбүрлей алмайды

697

"Жұмыс берушілер вакциналау паспортын тексере алмайды және қызметкерлердің екпе салдырмау туралы шешіміне жауап бермейді".  

"АТАМЕКЕН" ҰКП: Кәсіпкер өз қызметкерлерін вакцина салдыруға мәжбүрлей алмайды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі даулы мәселеге қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Atameken Business..

Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша, кәсіпкер өз қызметкерлерін вакцина салдыруға мәжбүрлей де алмайды. Өйткені Қазақстанда екпе салдыру ерікті түрде жүргізіледі. Дейтұрғанмен вакцина салдырмаған қызметкері үшін кәсіпкерге айыппұл салынуы ықтимал. Бұл да заңға қайшы келуі мүмкін. Сондықтан жұмыс беруші санитар дәрігерлердің талабын орындай алмайды. Осыған байланысты "Атамекен" бұл мәселені ведомствоаралық комиссияның күн тәртібіне шығарған болатын.

Қазір тиісті мемлекеттік органдар кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп заңдағы қайшылықтарды жоюды бастап кетті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу