Тунис пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы бар болғаны $1,5 млн құрайды, екі ел арасындағы байланысты дамыту үшін нақты қадамдар жасалды. Мысалы, еліміздің "Атамекен" ҰКП мен Тунис өнеркәсіп, сауда және қолөнер одағы (UTICA) ортақ келісімшартқа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Аталмыш келісімшарт негізінде біраз жұмыстар алға басады деп сенеміз. Сауда мәселесі жолға қойылады. Өйткені бұл одаққа 150-ден астам компания мүше. Сонымен қатар, Тунис кәсіпкерлерінің мүмкіндігі жақсы, инвестиция салуға дайын деп ойлаймын", — деп түсіндірді "Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS)" бас директоры Ерлан Байдаулет.
Сонымен қатар, спикер алда Қатар елінің астанасы Дохада болатын Сауда мен инвестиция бойынша жоғарғы деңгейдегі форумда (1-3 қазан) екі ел үшін тағы бір маңызды құжатқа қол қойылуы мүмкін екенін айтады. Онда қысқа мерзімде біраз мәселелер шешімін таппақ.