"Атамекен" ҰКП: Шаруалар мемлекеттен тегін берілетін жерді ала алмай жүр

528

Бұған заңдағы шикіліктер себеп.  

"Атамекен" ҰКП: Шаруалар мемлекеттен тегін берілетін жерді ала алмай жүр Фото: atameken.kz

Қазақстанда шаруалар мемлекеттен тегін жерді ала алмай жүр. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Ернұр Әбжан айтты, деп жазады inbusiness.kz Атамекен" ҰКП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жер "көз қысты, бармақ бастыға" беріліп жатыр. Оған себеп – заң нормасы реттелмеген.

"Мұндай жағдайлар көп. Мысалы, ауыл әкімі "мен мына кәсіпкерді танимын, белсенді, жерді соған берейік" десе, жер сол адамға беріледі. Бұдан бөлек шаруалар "таныс не жекжатсыз жер ала алмаймыз" деп шағымданады. Дәл қазір 3-4 кәсіпкердің жер алуға конкурсына құжатын реттеумен айналысып жатырмын. Оларға әкімдіктегілер тікелей айтады: "жердің иесі бар, босқа келіп жүрсің". Конкурс болмай жатып, иесі дайын тұрады. Себебі кәсіпкерлер бизнес-жоспарда кім көп ақша көрсетсе, жер соған берілетінін біледі. Талап сондай", - деп атап өтті маман.

"Олар солай барынша жоғары сома көрсетеді. Жоғары ұпайды алады. Бірақ соңына келгенде жерді комиссия мүшелері береді. Жер учаскелері осы конкурс – Ауыл шаруашылығы министрлігінің "қисық қағилары" арқылы жыл сайын шамамен 3-5 млн га жер шаруаларға беріледі", – деді Ернұр Әбжан.

Ауыл шаруашылығы министрлігі конкурстың қағидаларын өзгертуге кіріскен. Алайда бұл мәселені толық шешуге мүмкіндік бермейді.

"Өткен апта "Атамекен" АШМ-ге конкурс қағидасының өзгерістерін келісуге жіберді. Бірақ біз ұсынған қосымша талаптар енгізілген, бірақ бәрі емес. Сондықтан әлі де олқылықтар бар. Мысалы, біз инвестиция құюдың мерзімін – қаржысын қанша жылда игеретінін көрсетуі керек деген талапты ұсындық. Осы және басқа да талаптар қағидаға енгізілмеген", – деп түйіндеді сөзін басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу