"Атамекен" ҰКП Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасымен байланысты нығайтуда

698

Келіссөз бейнебайланыс режимінде өтті.  

 "Атамекен" ҰКП Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасымен байланысты нығайтуда

"Атамекен" ҰКП Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасымен байланысты нығайтып жатыр, деп хабарлайды atameken.kz сайты.

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің атсалысуымен "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Геннадий Чижиков келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында тараптар COVID-19 эпидемиясының таралуын болдыртпау бойынша мемлекеттерде қолданылып жтақан шаралар және екі ел үкіметінің карантин жағдайында экономикаларын қолдау бойынша ақпаратпен алмасты.

Осы ретте спикерлер Қазақстан-Украинаның сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуда үлкен әлеуеттің барын атап өтіп, эпидемиядан кейінгі кезеңде палаталар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту бойынша әрі қарайғы қадамдарды белгіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу