"Сенбі күні біз басқарма активімізбен, 17 өңірдің өңірлік активтер өкілдерімен және құрметті салалық қауымдастықтармен кездесу өткіздік. Талқылау барысында біз апта соңына дейін өңірлік кеңестердің тиісті отырыстары өтеді деп келістік. Съезд – Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жоғарғы органы. Егер делегаттар жиналса, онда тек реформалау мәселелерін талқылау керек. Біз кәсіпкерлерді толғандыратын ең өзекті мәселелерді талқылаймыз", – деді Абылай Мырзахметов.
Ол ҚР ҰКП съезі екі бөлімнен тұратынын түсіндірді. Оған ұсыныстар мен ескертулер кестесі дайындалады.
"Апта соңына дейін өңірлік кеңестер өз отырыстарын өткізіп, ҰКП-ны реформалау бойынша қандай мәселелер қажет деп есептейтіндерін айтады. Бүгінде өңірлердегі бизнесті толғандыратын мәселелерді қозғап, салалық комитеттердің отырыстарын өткізеді. Солайша ҰКП реформасы мен салалардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар береді", – деп атап өтті.
Әрбір комитет пен өңірлік кеңестен жұмыс тобына екі адам делегация болады. Бұл ретте аталған іс-шаралар ашық форматта болады.
"Біз, менің орынбасарым Олжас Ордабаев, аккредиттелмеген қауымдастықтармен, ниет білдірген кәсіпкерлермен, сарапшылармен қатар жұмысты бастадық. Өткен аптада әріптестеріміз бен қауымдастықтарымыздан 50-ден астам ұсыныс келіп түсті. Мен бәріне ризамын. Олар да осы жиынтық кестеге енгізілген", – деді Абылай Мырзахметов.
Жұмыс тобы 31 қаңтардан бастап жұмысын бастайды, онда әрбір кәсіпкер сөз сөйлей алады.