Елімізде балалар туризмі тұралап тұр. Дәл осы мәселе бүгін Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасында көтерілді. Жалпы, туризмнің 33 саласы болса, оның ішінде балалар туризмі кенжелеп қалған. Өйткені саланы бақылайтын орган жоқ. Тіпті Ақмола облысындағы жазғы лагерлер әлі Кеңес одағы тұсындағы заңмен жүреді. Мәселен екіқабатты төсек орындары мұнда осы күнге дейін қолданылмайды екен. Ол үшін заңды өзгерту керек. Сондай-ақ жазғы лагердегі орманды аралау үшін әр бала 250 теңге төлеу тиіс. Егер бір мезгілде 2 мың бала демалуға келсе, миллионнан аса қаражат түседі екен. Ал бұл қаржы демалыс орындары мен барар жол жалпы сервисті жақсартуға жұмсалмайтыны да айтылды. Тағы бір мәселе жазғы демалыс орындарында интернеттің жоқтығы. Содан болар ата-аналар әлі күнге балалараның қалай жеткенін, қайда орналасқанын онлайн бақылай алмай келеді. Нақты статисткаға қарасақ жас аралығы 7 мен 14 жастағы 2 жарым миллион бала бар екен. Ал дамыту орталықтарының саны республика бойынша 250. Оның өзі көп демалушылар үшін қолжетімсіз екені де айтылды.
Қайрат Сұлтанов, Ақмола облыстық Мәслихатының депутаты:
"Балалар туризмін дамыту үшін ең бірінші статистиканы қарауымыз керек. Қазіргі таңда көптеген лагерлер мемлекетке қарайды. Тиісінше оған бөлінетін қаражатта аз. Капитал жеткіліксіз болғандықтан баяғы сервис сол күйінде қалып отыр. 2016 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі Жол картасына енгізді. Бірақ бұл бағдарлама әлі де нақты қамти алмай келеді. Бұдан бөлек әлеуметтік балалар туризмін дамыту қолға алынды. Неге әлеуметтік? Өйткені аз қамтылған отбасылардың балаларына керекті жағдай жасалмайтыны шындық".