"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікпен ұсталды

1162

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікпен ұсталды Фото: Twitter

Алдын ала желіде тараған ақпаратқа сенсек пара көлемі 30 миллион доллар. Теңгеге шаққанда 13 миллиард 300 миллион теңге. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның пара алып ұсталғанын және тергеліп жатқанын растаған.

"Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз", - деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.

Абылай Мырзахметов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы қызметінен былтыр ақпан айында кеткен. Оның алдында Президент жаныныдағы экономимкалық даму бойынша мемлекеттік комиисяның мүшесі, "Қазақстан темір жолы", "Самұрық-Қазына" секілді маңызды мекемелерде жоғары лауазымда қызмет еткен. Айта кету керек, Абылай Мырзахметов 2003 жылы да істі болған еді. Ол кезде мүлкі тәркіленіп, 5 жылға шартты түрде сотталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу