"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезі өтіп жатыр

633

Жиналысқа үш жүзден астам делегат қатысуда.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезі өтіп жатыр

"Атамекен" ҚР ҰКП VII съезіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин, ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестер өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Жалпы "Атамекен" ҚР ҰКП VII съезіне үш жүзден астам делегат келді.

Жиынның күн тәртібінде коронавирус пандемиясы салдарынан болған карантин кезіндегі бизнес мәселелері мен кезекті локдаунды болдырмау шаралары қойылып отыр.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осындай жиыны алғаш рет онлайн форматта өтуде.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу