"Атамекен" ұлттық палатасының бірқатар функциясы қысқартылады

752

Бұл туралы кәсіпкерлік палата төралқа төрағасы Райымбек Баталов отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Атамекен" ұлттық палатасының бірқатар функциясы қысқартылады Фото: aikyn.kz

Оның айтуынша, жүктелген міндеттемелер тым артық. Ұлттық палата бизнесті дамытуға қажетті бағыт бағдар берудің орнына түрлі экономикалық құжаттарға талдау жасап сараптама жүргізуге мәжбүр.

Бұл кәсіпкерлік саласына кері әсерін тигізеді. Ұлттық палата осы сияқты міндеттемелердің бір бөлігін бәсекелестік ортаға шығаруды көздеп отыр. Бұл реформа бірінші кезекте салалық және өңірлік саясатқа негізделмек.

"Реформаны жасамас бұрын жұмысшы топ құрылып, барлық өңірлерді аралап сауалнама жасалды. Біздің жұмыс салалық кәсіпкерлікті шоғырландыруға бағытталған. Сол арқылы кәсіпкерлікке бағыт бағдар беріп бағдарламалардың нақты жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз керек. Нарық үшін ортақ ашық ереже жасақталуы тиіс. Ұлттық палатаның жұмысы  кәсіпкерлердің мәселесін шешуге тікелей бағытталуы қажет", – деп санайды "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу