"Атамекен" жанындағы өңірлік кеңес құрамына кімдер сайланады?

1073

Елорда кәсіпкерлері Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңестің сайлауына қатыса алады. Кандидаттардан өтінім қабылдау 7 шілдеде басталды

"Атамекен" жанындағы өңірлік кеңес құрамына кімдер сайланады?

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен НұрСұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
  • кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • өңірде жария тұлға болу;
  • кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
  • бизнесінің тарихы оң болуы;
  • әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
  • сотталмаған – Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

Айта кетелік 16 маусым күні ӨКП өңірлік кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңестің келесі құрамын сайлау мақсатында Өңірлік кеңес өзін-өзі тарату туралы хабарлады.

Бүгінгі таңда кеңес құрамында 28 адам – елорда экономикасының түрлі саласында жұмыс істейтін қаланың ірі бизнесмендері және түрлі салалық қауымдастықтардың өкілдері бар.

Нұр-Сұлтан ӨКП өңірлік кеңесі экономиканың кәсіпкерлік секторын шоғырландыру, өсіру және дамыту мақсатында 2013 жылдың 28 қазанында құрылған.

Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында қалада жұмыс істейтін жеке кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерін біріктіру; жергілікті басқару органдарының және бизнес-қауымдастықтардың келісілген инвестициялық саясатына көмектесу; инвестициялық ахуалды жақсарту және аймақтағы кәсіпкерліктің одан әрі өсуі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу; Әкімшілік кедергілерді азайтудан бастап қаржы институттардың мүмкіндігін ескере отырып, қаржы мәселелерін шешуге дейін – бизнестің барлық саласында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.

  • Өңірлік кеңес өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта көмек көрсетеді;
  • басқару органдарымен қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға атсалысады;
  • "Атамекен" ҚР ҰКП Съезінде делегаттарды сайлайды;
  • өңірлік палата мен палатаның филиалдары қызметі аясында Ұлттық палатаның мақсаттары мен міндеттерінің орындалу барысын бақылайды; 
  • өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерін ескеруді қарастырады;
  • Съезде Ұлттық палата қызметі тиімділігіне қатысты ұсыныстар енгізеді; кәсіпкерлік мәселелері жөнінде қоғамдық тыңдау өткізеді;
  • ӨКП жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген басқа да мәслелерді шешеді.

Өңірлік кеңестің төрағасы – "ОЛИМП" клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов. Осыған дейін төрағалықты Дәурен Жақсыбек атқарған.

"Өңірлік кеңеске сайлау алғаш рет өтеді. Сайлау нәтижесі Өңірлік кеңес жұмысына оң әсер етіп, кеңес мүшелігіне белсенді, табысты адамдар, бизнес дамуына мүдделі, өңірде беделді тұлғалар жұмылады деген ойдамыз. 7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.  Дауыс беру vote.atameken.kz сайтында өтеді, оған өңірде тіркелген кәсіпкерлерлік субъектілері ғана қатыса алады", – деді ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

Құжаттарды офлайн арқылы Кәсіпкерлер палатасына мына мекенжай бойынша тапсыруға болады: Б.Момышұлы д-лы, 2/11, телефон: 91-90-85, онлайн арқылы vote.atameken.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу