Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдайды жариялап, осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Белгілі болғандай, 1991 жылдан бері елге 1 млн 807 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан бері қарай Қазақстанға қоныс аударған қандастардың жартысынан астамы (76,4%) – Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан, 4,6% – басқа елдерден келді. Олардың дені Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%), Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды.
1 тамызындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші азаматтар 26,2%-ды және зейнеткерлер 18,4%-ды құрады. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді болды. 3,8% қандастың оқымағаны анықталды.
Қанат Махамбет