Атамқұлов пен Мамин шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарылды

561

Өкімге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Атамқұлов пен Мамин шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған өкімге сәйкес, Қазақстанның бұрынғы Премьер-Министрі Асқар Мамин, бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп жазады inbusiness.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Аталған Кеңес құрамынан А.Ұ. Мамин, Е.А. Досаев, Б.Б. Атамқұлов, Р.Е. Дәленов, P.M. Исатаев, А.Ә. Әріпханов, А.И. Мырзахметов, Р. Дж. Поллетт, А. Глазенберг, В.Н. Кнауф, А. Брейяк, К. Ульмер-Айллфорт, В.Ю. Алекперов, Й. Катаяма шығарылсын", – деп жазылған өкімде.  

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі №4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 шілдедегі №341 өкіміне сәйкес аталған Кеңес құрамына төменде аталғандар енгізілді:

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі №4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 шілдедегі №341 өкіміне сәйкес аталған Кеңес құрамына төменде аталғандар енгізілді:

Ғалымжан Олжаұлы Пірматов – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасы;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

Әлібек Сәкенұлы Қуантыров – ҚР Ұлттық экономика министрі;

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша);

Ардақ Темірханұлы Зебешев – ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы;

Райымбек Әнуарұлы Баталов – "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төралқасы төрағасы (келісім бойынша); 

Бела Ференци – "Дженерал Электрик" компаниясының Ресейдегі/Тәуелсіз Мемлекеттер достастығындағы президенті (келісім бойынша);

Гэри Нейгл – "Glencore" компаниясының бас директоры (келісім бойынша);

Уве Кнотцер – "Knauf International GmbH" компаниясының бас директоры, "Knauf Group" басқарушы серіктесі (келісім бойынша);

Николя Терраза – "Тоталь Энерджиз Разведка и Добыча" компаниясының президенті, "Тоталь Энерджиз" концернінің атқарушы комитетінің мүшесі (келісім бойынша);

Кирсти Хелен Уилсон – "Бейкер Макензи" жаһандық атқару комитетінің мүшесі, "Бейкер Макензи Интернэшнл" Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Воробьев Вадим Николаевич – "Лукойл" қоғамдық АҚ президенті (келісім бойынша);

Тецуя Шинохару – "Митцубиси" корпорациясының аға вице-президенті, жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің бас директоры (келісім бойынша).

Еске сала кетейік, Асқар Мамин ел үкіметін 2019 жылғы ақпаннан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарған. Бейбіт Атамқұлов 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымын атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу