"Ататүрк" саябағында Байқоңыр ауданының басты шыршасы жағылды

481

Шыршаның ұзындығы 6 метрді құрайды. 

"Ататүрк" саябағында Байқоңыр ауданының басты шыршасы жағылды Фото: gov.kz

Шаршаның салтанатты жағылу рәсіміне аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев, аппарат қызметкерлері, ауданның тұрғындары мен балақайлары қатысты, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алаңда Аяз ата мен ақшақар, сондай-ақ басқа да ертегі кейіпкерлері мен түрлі аниматорлардың көңілді бағдарламалары шараны жандандыра түсті. Бұдан бөлек, алаңға келген балақайларға тәтті сыйлықтар таратылып, мерекелік отшашу да кештің сәнін кіргізді.

Сондай-ақ шыршаның жағылуымен қатар, саябақта сырғанақтар мен мұз айдындары іске қосылды. Аталған мұз айдандары мен сырғанақтарда қала тұрғындары қыс маусымының соңына дейін көңіл көтере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу