Ақтауда Ресей консулдығы ашылады

136

Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанда бірлескен мектептер саны артады.  

Ақтауда Ресей консулдығы ашылады Фото: Динара Мұрат

Астанада Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі ел арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған консультациялар мен ынтымақтастық жоспарына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Біз ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ кеңістігіндегі өзара іс-қимылымыздың көпжақты нысандарын дамытуға мүдделіміз. Қазақстанға БРИКС-ке серіктес ел ретінде қосылу туралы ұсыныс жіберілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық артып келеді. Флагмандық стратегиялық жобалар жүзеге асырылуда, соның ішінде Орталық Азия – Орталық газ құбырын жаңғырту және энергетикаға қатысты басқа да көптеген жобалар бар", – деді Сергей Лавров. 

Жақында Ресеймен Өзбекстанға газ жеткізу туралы келісім жасалған болатын. Сонымен қатар Лавров Қытайға жеткізу перспективасымен Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын газдандыру үшін газ тасымалдау туралы уағдаластық барын еске салды.

"Мәдени-гуманитарлық, білім беру саласындағы байланыстар, Ресей мен Қазақстанда бірлескен мектептердің ашылуы, университеттердің филиалдары желісінің кеңеюі, Ақтауда Ресей консулдығының ашылуы – осының барлығы халқымыз арасындағы қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізеді", – деді ресейлік СІМ басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу