Ақтауда заңсыз тұрғын үй кешендерін салған 11 дерек анықталды

587

 Учаскелердің кадастрлық құны- 400 миллион теңге.

Ақтауда заңсыз тұрғын үй кешендерін салған 11 дерек анықталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда тиісті рұқсат құжаттарсыз 11 тұрғын үй кешені салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құны 130 млн теңгеге жуық 9 коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін беру туралы екі қаулы жойылды. Оларға 3,9 гектар жер телімі берілген. Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын  прокурорлар атап өткендей, мердігерлер тиісті бастапқы-рұқсат құжаттарын алмай, тұрғын үй кешендерін заңсыз тұрғызған. 

Әлеуметтік желілердің мониторингі арқылы үлескерлердің қаражатын заңсыз тартудың 25 фактісі анықталған. Салымшылар өз пәтерлеріне қол жеткізе алмай қиналған.  Кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселе қойылды. Бұдан басқа, ауданы 20 гектар болатын 28 жер учаскесін заңсыз беруге жол берілмеді. Учаскелердің кадастрлық құны- 400 миллион теңге.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу