Келер жылдан бастап, елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі енгізіледі. Сол арқылы үкімет жәрдемақы көлемін 25 пайызға өсіруді көздеп отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды enbek.gov.kz.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа жүйенің бірқатар ерекшелігі бар. Мәселен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін үш түрлі жәрдемақы біріктіріліп, атаулы әлеуметтік көмекке айналады. Бұған қоса, қажетті құжаттар тізімі үш есе қысқарып, тек жергілікті жұмыспен қамту орталығына тапсырылады. Осыған орай үкімет басшысы тиісті сала өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаңа жүйенің жай-жапсарынан жан-жақты ақпараттандыруды міндеттеді.
- Бүгінгі таңда мәселен 24 959 теңге күнкөріс деңгейі болатын болса, 40 пайызынан азаматтардың табысы төмен болатын болса, соларды ғана біз атаулы әлеуметтік көмекті беріп келген едік. Ендігі жылдан бастап, 40 емес, 50 пайызға дейін көтереміз. Күнкөріс деңгейі биыл 24 954 теңге болса, ендігі жылы 27 мың теңге көлемінде болады. Сонда 27 мың теңгенің 50 пайызы 14,5 мың теңге болады. Сонда әрбір жан басына нулевой доход болса, ал былай жалпы доход жоқ болса, онда отбасы 14 мың теңгеден мемлекеттен қаражат алатын болады. Биыл 6 000 теңге алып жатыр, - дейді Тамара Дүйсенова.