Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың 60 пайыздан астамы оңтүстік облыстарда тұрады

Биыл елімізде (11 ай қорытындысы) 36,2 млрд теңге сомасына 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған. 

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың 60 пайыздан астамы оңтүстік облыстарда тұрады Фото: canva.com

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Өңірлер бөлінісінде АӘК алушылардың көбі – Түркістан облысында (20,3%) Сондай-ақ, Шымкент қаласында – 11,3%, Қызылорда облысында – 8,2%, Алматы облысында – 7,9%, Жамбыл облысында 7,5% және Жетісу облысында 7% байқалады. Бұл өңірлерге жалпы алушылар санының 62,2 пайызы тиесілі, – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, АӘК алатындардың 55 пайызы қалалық жерде тұрса, қалғаны – ауыл тұрғындары. 

– Әлеуметтік мәртебелер бөлінісінде АӘК алушылар арасында көбі балалар – 273,9 мың адам немесе 66,6 пайыз. Сондай-ақ, алушылар қатарында өтініш берген сәтте жұмысы бар адамдар – 14,3%, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар – 12,2%, мүгедектігі бар тұлғалар – 0,6%, зейнеткерлер – 0,2% студенттер – 3,9%, жұмыссыздар – 1,4% және басқа санаттағы адамдар – 0,8%, – деді Олжас Анафин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу