Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспары бойынша, отбасылардың нақты қаржылық жағдайын бағалау үшін жаңа критерийлер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek телеграмм арнасына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, банк шоттарындағы ақша қозғалысы, шығын операциялары, депозиттердің болуы және несиелік міндеттемелер толықтай ескеріледі.
Министрлік мұндай өзгерістер әлеуметтік көмекті әділ бөлуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді. Яғни мемлекеттік қолдау шын мәнінде табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға ғана берілуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу