Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ұсынылған жұмыстан бас тартса ақшадан қағылады

824

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды еңбекке ынталандыру тәсілдері енгізілді. Егер еңбекке қабілетті азаматтар ұсынылған жұмыстан бас тартса атаулы көмек алты айға тоқтатылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ұсынылған жұмыстан бас тартса ақшадан қағылады

"Бұл атаулы әлеуметтік көмектің масылдыққа айналуын болдырмауға бағытталған. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмекті басқа жәрдемақылармен салыстыруға болмайды. Атаулы көмек – табысы жан-жақты тексеріле отырып, тұрмысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ғана тағайындалатын мемлекеттік қолдау", – дейді Ералы Тоғжанов.

"Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелердің бірі – аз қамтылған отбасылардың жағдайы. Біз күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеміз. Бүгінде осындай көмекті 95 мың отбасы алып отыр", деді үкімет басшысының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу