Ведомствоның мәліметінше, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
"1 желтоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 191,1 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, келер жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау іске асырылмақ. Азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығының орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгіленеді.