Атаулы әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту ұсынылды

3550

Мәжілісмен Динара Закиева атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Атаулы әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту ұсынылды

"Балалар әртүрлі отбасында туады. бір жерде ата-аналары толық қамтамасыз ете алса, кейбірінде жоқ. Бүгінде кем дегенде 625 мың бала аз қамтылған отбасында тұрады. Бұл – әрбір оныншы бала. Елімізде аз қамтылған отбасыларды қолдаудың бір түрі – атаулы әлеуметтік көмек екені белгілі. Ал оның мөлшері қарапайым нәрселерді алуға жетпейді. Мысалы, адам басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, 6 адамнан тұратын отбасында 7 мың теңгеден сәл артық болуы мүмкін", - деді ол. 

Оның айтуынша, өңірлерде қандай да бір бағдарламалар туралы, не құқығы бар екендігі туралы білмейтін отбасылар бар. 

"10-13 жастағы баласы ешқашан мектепке бармаған, ауру болған жағдайда туғаннан бастап ешқандай медициналық тексеруден өтпеген отбасылар бар. Бүгінде 1,1 млн отбасы дағдарыс жағдайында, 12 мың бала қолайсыз жағдайда есепте тұрған отбасыларда", - деп атап өтті депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу