Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларға айына қанша төленеді?

269

АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша беруге болады. 

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларға айына қанша төленеді? Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 желтоқсанда 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған. 

АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

  • табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ынан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 желтоқсанға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 128,8 мың балаға 5,0 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша немесе ауыл округінің әкімдігіне жүгіну, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу