Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатыла ма?

648

Аз қамтылған отбасылардың әр мүшесі үшін бүгінде 12 мың теңге төленіп жатыр.

Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатыла ма? Фото: ашық дереккөзден

Атаулы әлеуметтік көмек әзірге тоқтатылмайды. Бұл әлеуметтік жәрдемді алып тастау туралы депутаттардың ұсынысына премьер-министрдің орынбасары осылай жауап берді.

Алтай Көлгінов "басты мақсат  мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетіп, еңбек еткісі келгендерге жұмыс тауып беру" деп отыр. Вице-премьердің айтуынша аз қамтылған отбасылардың әр мүшесі үшін бүгінде 12 мың теңге төленіп жатыр екен. Бірнеше жыл бұрын 6 мың теңге болыпты. Мұны "жетілдіру" деп атаған Көлгінов дәл қазір атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды деді.

"Егер санмен айтатын болсақ, 1 миллионға жуық адам АСП-ны алып келеді. Көріп тұрсыз ғой қанша адам екенін. Демек, әлі күнге дейін мемлекеттік қолдауды қажет ететін адамдар бар. Қазір мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеміз. Бірақ қатып қалған дүние жоқ. Алдағы уақытта жетілдіретін боламыз. Депутаттар ұсыныс берді. Ол министрлікпен бірге талқыланатын болады", - дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу