Атажұртқа тракторымен жетті

849

Атажұртқа тракторымен жетті

Қытайда тұрған этникалық қазақ Адал Хамитхан өз отанына оралу үшін бір апта жүріп келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қоныс аударушылардың үйіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов барып шықты. Еске сала кетейік, алқа мәжілістерінің бірінде аймақ басшысы Ертіс өңіріне келген оралмандардың жағдайымен танысуға уәде берген.

"Мен әрдайым балаларым өз Отанымда тұрса екен деп армандайтын едім, - дейді Адал Хамитхан. – Алғаш рет Павлодар облысына сәуір айында келген едім. Жергілікті билік өкілдерімен сөйлестім. Сосын жазда отбасымды алып келдім. Мұнда жер жақсы. Қытайда да Ертістің жағасында тұрған едік. Мал шаруашылығы үшін өте қолайлы. Сондықтан осы жерді таңдадық".

Биыл жазда Адал Хамитхан екі ұлы мен әйелін Павлодар облысына автобуспен жіберген. Ал, өзі жолдастарымен бірге трактормен келген. Тоқтаусыз бірін-бірі алмастыру арқылы олар бір аптаның ішінде Ольгино ауылына да жеткен. Қытайдағы барлық мүлкін сатқан ол Успен ауданының Ольгино ауылында екі миллион теңгеге үй сатып алған және жеті миллион теңгеге шаруашылығын ашқан. Қазіргі таңда қоныс аударушылар квота алу мақсатында құжаттарын рәсімдеуде. Бұл қаржы Қытай мен Павлодар облысының арасындағы жол шығынына ғана жетеді. Енді Адал Хамитханнан үлгі алған туыстары да облысқа көшіп келуге бел байлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу