Атбасар ауданында тағы 50-ден астам адам эвакуацияланды

190

Оның ішінде 25 бала бар. 

Атбасар ауданында тағы 50-ден астам адам эвакуацияланды Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Атбасар ауданындағы ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте Самарка ауылынан 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл өзеніндегі судың деңгейі күрт көтерілуіне байланысты шұғыл түрде Самарка ауылынан 53 ересек адам, оның ішінде 25 бала, сондай-ақ үй жануарлары Атбасар қаласына эвакуацияланды. 

"Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірлесіп, тәулік бойы Самарка ауылындағы жалпы білім беретін мектепті судан қорғау үшін қосымша бөгет тұрғызып, құм толтырылған қаптарды төсеп жатыр. Сонымен бірге, мотопомпа арқылы су сору жұмыстарын да ширатып отыр. Осының арқасында мектеп тасқын судан аман қалды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу