Атбасар қаласында ет өнімдерін сатуға жалған анықтамалар берілген

250

Небәрі 3 жыл ішінде кәсіпкермен осындай 850 анықтама берілген.

Атбасар қаласында ет өнімдерін сатуға жалған анықтамалар берілген Фото: canva.com

Аудан прокуратурасы Атбасар қаласындағы мал сою пунктінің ветеринариялық зертханасының қызметінде, мал өнімдері мен шикізатына ветеринарлы-санитариялық сараптама жүргізу кезінде талаптардың сақталуы мәселесі бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Анықталғандай, жергілікті кәсіпкер ветеринария саласындағы қызметке мемлекеттік лицензиясына ие бола, зертханалық зерттеулер жүргізбестен ішкі сауда объектілерінде және басқа жерлерде сатылатын ет шикізатының сәйкестігі туралы ветеринариялық анықтамалар берген.

Небәрі 3 жыл ішінде кәсіпкермен осындай 850 анықтама берілген, яғни сауда нүктелерінің сөрелеріне ондаған тонна зерттелмеген ауыл шаруашылығы жануарларының еті түсті. Соның салдарынан шектелмеген адамдар қатарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

Аталған факт бойынша уәкілетті органдарға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлға, 6 ай мерзіміне лицензияның қолданылуын тоқтатумен, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, аталған кәсіпкердің алдағы жарты жылда мұндай анықтамаларды беруге құқығы жоқ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу