Атбасар қаласында қалпына келтіруге болмайтын 11 үйдің құрылысы басталды

831

Атбасар қаласында қалпына келтіруге болмайтын 11 үйдің құрылысы басталды

Ақмола облысының Атбасар қаласында қалпына келтіруге болмайтын және су алған 11 үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

26 мауысым күні 1- мөлтек ауданының аумағында жаңа көпқабатты кешендердің алғашқы құрылыс жұмыстары бастау алды. Баспасөз — қызметінің мәліметінше бірінші күннен-ақ техника мен контейнерлер әкелінді. Экскаватор бірінші қазаншұңқыр қазды. Сол жерде геодезистер жұмыс жүргізіп жатыр. Еске сала кетсек, су тасқыны кезінде 650 астам нысан зардап шекті.

Соның ішінде 644 тұрғын үй, Атбасар қ. №1 орта мектебі, "Есіл" қала сыртындағы сауықтыру кешені, көліктік коммуникациялар. Тексерілген объектілердің 467-і үй апаттық жағдайда деп саналды, оның ішіндегі 36 мүлдем қирап қалды. 168 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласында өткен баспасөз маслихаты барысында облыстық бюджеттен Атбасар ауданына тасқын салдарын жою үшін 513 миллион теңге бөлінді деп хабарлады. Бұдан бөлек, арнайы ашылған қайырымдылық есеп шоттан 30 миллион 500 мың теңге аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу